Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
Түркістан облысының Созақ ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту жұмыстары мемлекеттік бағдарламалар аясында белсенді жүргізіліп жатыр. Соңғы екі жылда аудан орталығы Шолаққорған ауылында жаңадан тұрғын үйлер салынып, кезекте тұрған 102 отбасы баспаналы болды. Олардың қатарында көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар мен жастайынан ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар бар.
Үйдің іші жайлы, условиясы қазақша айтқанда жағдайы жақсы өте. Ремонты барлығы ойдағыдай. Енді рахат, пешіміз қасымызда. Тамағымыз қасымызда. Ары бері жүгіріп, ана жақтан тасымайды. Кемпірімнің аяғы ауыратын еді, кемпіріме тіпті жақсы болды. Бұрын шаршайтын еді, шаршамайды қазір.
Жеткіншек мөлтек ауданында салынған баспаналар өткен жылы 48 отбасыға берілсе, ағымдағы жылы әлеуметтік осал топтағы 54 жанұяға тапсырылды. Тағы 22 пәтерді тапсыру үшін құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Роза Нұрәлиева, Шолаққорған ауылының тұрғыны:
Менің қызым 2009 жылы кезекке тұрды. Содан бері міне 2026 жылы үйге еге болды. Бүгінгі күн қуанышты күн болып тұр. Осы үйде өссін, өнсін.
Тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары аудандық және облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Бүгінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою, тіркеу және баспана алушылардың тізімін жасақтау «Отбасы банкінің» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
Аудан бойынша 2591 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Бізде Шолаққорған ауылында бізде екі қабатты екі пәтерлі үй авариялық деп танылған. Реновация бағдарламасы аясында 2025-ші жылы демеушілер есебінен құрылысы жүргізіліп, 16 отбасыға берілді.
Ауданда жаңғырту бағдарламасы аясында үшінші көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша өңірде баспана кезегінде тұрған азаматтар қатарын азайту бағытындағы жұмыстар нәтижелі жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы