Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
Маңғыстаулық жастар энергетика мен логистика саласы бойынша білім алып, Германияда тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.
Өңірде осы бағыттар бойынша екі жаңа магистратура бағдарламасы іске қосылды. Жоғары оқу орнында ашылған бағдарламалар Қазақстан мен Германия университеттері арасындағы халықаралық серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Білім алушылар Германияға барып, жетекші профессорлардың дәрісін тыңдайды. Оқу аяқталған соң елге оралып, өңірдің энергетикасы мен логистикасын дамытуға үлес қоспақ.
Ханс Людгер Динель, Берлин техникалық университетінің деканы:
Бұл Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары арасындағы келісімі негізінде жүзеге асып жатқан маңызды жоба. Қазір энергетика мен көлік-логистика саласында білікті мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан осы бағыттар бойынша мамандарға заманауи білім береміз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27