Басты Жаңалықтар Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады

Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады

Павлодар өңірінде республикалық және облыстық жолдардың 98% жақсарған. Сапа жағынан аймақ еліміз бойынша алдыңғы бестікте тұр. Енді бұл игілік шалғай ауылдарға да жете бастады. Биыл аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу бойынша 10 жоба әзірленіп, 78 шақырымға жуық жол жөнделді.

Мәселен, Ақтоғай ауданына қарасты Қарақоға мен Шұға ауылына кіре беріс жолға Кеңестік заманнан бері асфальт түгілі қиыршық тас төселмеген. Биыл 20 шақырым жол салынды.

Қабдышаят Шілтібаев, Шұға ауылының тұрғыны:
Көбінесе біз Екібастұз қаласына барамыз. Малды сонда тапсырамыз, тамақты - бәрін содан әкелеміз. Бұрын 2-3 сағат жүрсек, қазір бір сағатта-ақ жетеміз.

Абай Шәмшиденова, Жалаулы ауылдық округінің әкімі:

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап осы ауылда жол болған жоқ. Міне, биыл жол жасап жатыр. Ауылымызда 70 аула бар. 320 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша жол жасалды. Барлығы үш шақырым, үш жүз метр. Абай көшесі, Ыбырай Алтынсарин, Тәуелсіздік көшесі.


Бөлісу