Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
Түркістан облысының Созақ ауданында орталық аурухана ғимараты толықтай жаңғыртылып, күрделі жөндеу жүріп жатыр. Құрылысқа «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 4 млрд теңгеден аса қаражат бөлген. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бөлінген қаражатқа ескірген ғимараттың іргетасынан бастап қайта ретке келтірілуде. Конструктивтік бөліктері 7 балдық сейсмикалық талаптарға сәйкес күшейтілді. Құрылысшылар бүгінде ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктерін жаңартып, шатырын ауыстырды. Сондай-ақ ішкі бөлмелерін заманауи қондырғыларды орнатуға болатындай етіп кеңейтуде.
2009 жылдан бері бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегеннің есебінен жалпы ғимараттың сыртқы, ішкі жағдайы тозу деңгейі өте жоғары болған. Бүгінгі таңда құрылыстың демонтаж жұмыстары аяқталып, сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы