Басты Жаңалықтар Үстел теннисінен Президент кубогі басталды

Үстел теннисінен Президент кубогі басталды

Үстел теннисінен Президент кубогі басталды. Астанада өтіп жатқан жарысқа 29 елден 160-қа жуық спортшы қатысып жатыр. Іріктеуден өткендер алдағы бес күн бойы 300 мың АҚШ доллар жүлде қорын сарапқа салады. Айта кету керек, халықаралық жарыс биыл екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Былтыр тек отандық спортшылар қатысқан еді. Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл қазақстандық спортшылар үшін алдағы жарыстарға мықтап дайындалуға мүмкіндік. Еске салайық, келер жылы елімізде Үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді.

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:

ITT халықаралық федерациясының рейтингі бойынша осы жерге «Stars» деп аталатын, яғни жұлдыздар келейін деп жатыр. Олардың арасында олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпиондары және Қазақстан командасына арнайы Қытайдың Фан Бо деген спортшы қатысады. Ол, біріншіден, абырой, мәртебе және үстел теннисінің дамуына үлесін қосып, жаңа толқын береді деп ойлаймыз.


Бөлісу