Енді тіркелген емхананы ауыстыру үшін 15 қыркүйекті күтудің қажеті жоқ
Енді тіркелген емхананы ауыстыру үшін 15 қыркүйекті күтудің қажеті жоқ. Бұған дейін азаматтар емханасын тек 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында ауыстыра алатын. Енді тұрғылықты мекенжайына қарамастан, кез келген уақытта өзіне қолайлы емхананы таңдай алады.
Жаңа тәртіп әсіресе құжаттағы тіркеу мекенжайы мен нақты тұратын жері сәйкес келмейтін азаматтарға ыңғайлы. Енді 17 жасқа дейінгі балалар, жүкті және босанған әйелдер құжаттағы тіркеуіне емес, нақты тұратын жеріне қарай емханаға тіркеле алады. Бұған қоса, бала мен ата-ананың міндетті түрде бір медициналық ұйымға тіркелуі талап етілмейді. Студенттер де тұрғылықты жеріне жақын емхананы таңдай алады. Ал басқа өңірден келген жастар арнайы белгіленген студенттік емханаға тіркеледі. Дегенмен емханаға тіркеу кезінде учаскелік тәртіп сақталады.
Салтанат Тыныштықбекова, қалалық №6 емхана директорының орынбасары:
Азаматтарда емхана мен дәрігерді таңдау мүмкіндігі бар. Бірақ ол кез келген емхана мен дәрігерге тіркеле алады деген сөз емес. Ол белгілі бір әкімшілік аумақта болуы керек. Таңдаған дәрігерлік учаскесінде пациент саны белгіленген мөлшерден асып кетсе, тіркеуден бас тартуымыз мүмкін. Емханаларда учаскелік принцип сақталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы