Құрылтайдың жалпы отырысы басталды
Астанада жаңа ғана Құрылтайдың жалпы отырысы басталды. Депутаттар бүгін бірқатар маңызды заң жобасын қарайды. Отырыстың барысын әріптесім Оңғар Алпысбайұлы бақылап отыр. Тікелей эфирге қосылып, баяндап берсін. Оңғар, бүгін қаралатын заң жобаларына тоқталсаң.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бүгін Құрылтайдың заң жобалары қаралатын жалпы отырысы алғаш рет өтіп жатыр. Бұған дейінгілері белгілі бір мәселелерге ғана арналған еді. Күн тәртібінде екі заң жобасы бар. Алғашқысы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы міндеттемелеріне өзгеріс енгізу. Бұл жерде сөз 1994 жылы қабылданған Марракеш келісімі туралы болып отыр. Қарапайым тілмен айтсақ, Марракеш келісімі – Дүниежүзілік сауда ұйымын құрудың негізін қалаған халықаралық құжат. Қазақстан бұл ұйымға 2015 жылы мүше болды. Ал бүгін қаралатын өзгерістер Қазақстанның көрсетілетін қызметтер нарығына қатысты міндеттемелерін нақтылауға бағытталған. Бұл не береді? Негізінен, Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы халықаралық сауда ережелеріне сәйкес жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Яғни шетелдік нарықтарға шығу, қызмет көрсету саласына инвестиция тарту және отандық компаниялардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерімен тікелей байланысты. Ал екінші заң жобасы – Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау. Бұдан бөлек, Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру ұсынысы қаралады. Оның негізгі мақсаты – қоғамның ұсыныстары мен пікірлерін заң шығару жұмысына жеткізудің қосымша тетігін қалыптастыру. Отырыста осы мәселелердің әрқайсысы талқыланып, депутаттардың сауалдары да тыңдалады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03
Қытайда жанармай бағасы қымбаттады
16.09.2026, 10:02
Ресейде орман өрті өршіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі құлдырады
16.09.2026, 10:00
ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр
16.09.2026, 09:59
Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді
16.09.2026, 09:58