Басты Жаңалықтар ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр

ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында өртке қарсы сақтық шаралары күшейтілді. Былтыр өңірде 460 өрт оқиғасы тіркелсе, оның 341-і жеке тұрғын үйлерде болған. Тілсіз жаудың кесірінен 22 адам көз жұмса, тағы 21 тұрғынға ыс тиген. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, оқыс оқиғаның барлығы да қауіпсіздікті сақтамағаннан болған. Яғни от жағу кезіндегі салақтық және мас күйде төсекте жатып темекі шегу сияқты әрекеттердің салдары қайғылы жағдайға душар етеді. Сондықтан қауіпті болдырмас үшін өңірде газды анықтайтын датчик орнату жұмысы жалғасып жатыр. Әсіресе әлеуеті әлжуаз отбасыларға алғашқы кезекте арнайы құрылғылар қойылады. Соңғы алты жылда облыста осындай 17 мыңнан астам датчик орнатылды. Осы құрылғылардың арқасында 45 адам өрт пен ыс тиюден аман қалды. Ал жалпы шығыста жылыту маусымы қыркүйектің 15-нен басталып, мамыр айында аяқталады.


Бөлісу