Басты Жаңалықтар Еліміз жылыту маусымына 93% дайын

Еліміз жылыту маусымына 93% дайын

Елде жылыту маусымына дайындық жұмыстары 93 пайызға орындалды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды. Үкімет басшысы қалған жұмыстарды уақытылы аяқтап, жылудың үздіксіз берілуін қамтУды тапсырды. Қазір 4,8 миллион тонна көмір және 127 мың тонна мазут қоры жинақталған. Жылу желілерін жөндеу бойынша жоспарланған 377 шақырымның 352 шақырымы аяқталды. Энергия көздеріндегі 4 энергоблок, 28 қазандық және 18 турбина жөнделген. Бұдан бөлек 10 мыңнан астам білім беру, 5 мыңнан астам медициналық нысан және 53 мыңнан астам тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Үкімет жылу және электр желілерін жөндеуге биыл 196,8 миллиард теңге бағыттаған. Ал шұғыл жұмыстарды аяқтау үшін Үкімет резервінен 27,9 миллиард теңге бөлінді.

Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Энергетика министрлігіне Қазақстан теміржолы компаниясымен бірлесіп, энергетикалық нысандар мен халыққа көмір және мазутты уақытылы жеткізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Президент тапсырмасы бойынша осы бағытта қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайтылды. Сондықтан тек қана белсенді жұмыс істеу керек. Мұқият бақылауда ұстау қажет.


Бөлісу