Басты Жаңалықтар Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды

Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды

Абай облысында қайтарылған активтер есебінен заманауи медициналық нысандар бой көтеріп жатыр. Аягөз қаласында магниттік-резонанстық тамография бөлімі салынды. Құрылысқа 700 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазір жұмыс толық аяқталып, МРТ құрылғылары сынақтан өтіп жатыр. Түрлі дертті дәл анықтауға, жедел көмек көрсетуге таптырмас қондырғы ауданға өте қажет, - дейді мамандар.

Шалқар Омаров, Аягөз ауданаралық ауруханасының бас дәрігері:

Ауданаралық аурухана болғаннан кейін көршілес Үржар, Мақаншы, Ақсуат және Жарма аудандарының бізге жақын ауылдарын түсіруге мүмкіндігіміз бар. Былтырғы жылы біз статистикалық мәліметтер бойынша, қалаға және басқа жаққа 100 ден астам науқастарды МРТ-ға тексеруге жіберіппіз. Енді ешқайда бармайды. Барлығы осы жерде болатын болды.

Ал облыстағы ең шалғай ауыл Үржарда да қайтарылған активтер есебінен «Коронарлық орталық» салынған. 2 миллиард 800 миллион қаржы бөлініп, соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен жабдықталды. Жүрек, қан-тамырлары ауруларына шалдыққан науқастарға жедел жәрдем беруге арналған орталық жақын күндері жұмысын бастайды. Үржар мен Мақаншы аудандарының халқына қызмет көрсетеді. Осыған дейін тек Үржар ауданының өзінен мамандар коронАрлық ем мен диагностика үшін жылына 170 ке жуық адамды жолдамамен өзге аудан мен облыс орталығына жіберіп келген.

Аманжол Ысқақов, Үржар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің м.а.:

Осы орталық ашылған жағдайда алғашқы көмекті бірден осы жерде көрсетуге мүмкіншілік бар.  1сағат, 90 минут аралығында дереу көмек көрсетіп науқастардың өмірін алып қалуға үлкен, зор мүмкіншілік. Ангеографпен қатар ивл апараттары, жасанды өкпені дем алдыру аппараттары, мониторлар бәрі талапқа сай. Жұмыс істеуге дайын тұр.


Бөлісу