Басты Жаңалықтар Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға 700 млн теңге қаражат бөлінді. Биыл 57 жоба мақұлданып, азаматтар жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Қаржының басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бағдарламаға жеке тұлғалармен қатар шаруа қожалықтары бар кәсіпкерлер де қатыса алады. Қаржылай қолдау көрсетуде, атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға басымдық беріледі.

Серік Байғонов, шаруа:
Екі аптада құжаттарды жинап алдық. 5 күннің ішінде ақшамды түсіріп берді 30 млн теңге. Наурыз айында іздеп, тауып 297 қой алдық. Сол еділбай тұқымының сапасын көтерейік деп, өзіміздің қазақтың тұқымы ғой.


Бөлісу