Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
Ресейде өндірістік және тұрмыстық қалдық көлемі 8 миллиард тоннаға жуықтады. Қоқыстың басым бөлігі өнеркәсіп саласына тиесілі. Әсіресе көмір өндіру, металлургия және тау-кен өндірісі дамыған аймақтарда қалдық көлемі жоғары. Кемерово, Якутия, Красноярск өлкесі мен Сахалин облысында қоқыс полигоны жетпей жатыр. Экологтардың айтуынша, негізгі мәселе – қоқыстың көлемінде ғана емес, оны сұрыптау және қайта өңдеу жүйесінің жеткілікті дамымауында. Сарапшылар полигондарға түсетін қалдық көлемін азайту үшін қайта өңдеу инфрақұрылымын кеңейту қажет екенін айтады.
Андрей Туманов, «Ресей бағбандары» ұйымының басшысы:
Бұл – жылдар бойы созылып келе жатқан мәселе. Сондықтан да оны шешу үшін арнайы бағдарлама қажет. Қоқыс тастаған кәсіпорындарға айыппұл салынғанымен, нәтиже жоқ. 30-дан астам өңірде қоқыс мәселесі шешімін таппаған.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15
Түркістан облысында ₸103 млн субсидияны жымқырған
16.09.2026, 17:13