Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Алдағы үш күнде елімізде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары 14 аймақта дауылды ескерту жариялады. Республиканың батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлеріне тұман түседі.
Батыс Қазақстанда екпінді жел тұрып,
жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. Сонымен бірге болжам
бойынша еліміздің орталығы мен солтүстігінде де дәл осындай күн райы күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болады. Сенбі күні
Астана, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Павлодар облыстарында жаңбыр жауып,
желдің жылдамдығы секундына 14 метрге дейін жетеді. Ал бүгін түнде Қарағанды
облысында үсік жүруі мүмкін. Синоптиктердің айтуынша, Түркістан облысында ауа
температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің батыс бөлігінде шаңды дауыл
болады. Қалған аймақтарда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы