Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
Отандық электровоздарға шетелден сұраныс артып келеді. Биыл Қазақстанда құрастырылған электровоздың жабдықтары Францияға экспортталды. Енді тағы бірнеше елге түрлі компоненттер жөнелтілмек. Астанадағы зауыт өндіріс көлемін ұлғайтып, жылына 100-ге дейін локомотив шығаруға қауқарлы.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Мына электровозды құрастыруға екі айдан астам уақыт кеткен. Қуатына келсек, 1000 тоннадан астам жүкті тартуға қауқарлы. Бұл шамамен 50 вагон. Бұл электровоздың тағы бір ерекшелігі - Қазақстанның климатына толықтай бейімделген. Яғни, -50 градус пен +50 градусқа дейінгі ауа райында еш ақаусыз жұмыс істей береді.
Сондықтан болса керек, бұл локомотивтерге сұраныс жоғары. Тіпті жабдықтарына дейін импорттауға дайын елдердің қатары артып келеді.
Бейбіт Ыбраев, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС жоба директоры:
Қазіргі таңда өзіміздің өнімді экспортқа шығаруға келісімдеріміз бар. Оған локомотивтің қаңқасы, трансформаторы және басқа да бөлшектерін компонент ретінде экспортқа шығаруға жұмыс істеп жатырмыз. Биылғы жылы біз Францияға 10 кузовты, Францияға экспортқа жөнелттік.
Бүгінде зауытта КЗ8А жүк электровоздары мен КЗ4АТ жолаушылар электровоздары, сондай-ақ борттық трансформаторлар мен тартқыш конвертерлер шығарылады.
Зауыт 2018-2022 жылдар аралығында Әзербайжанға 40 электровоз экспорттаған еді. Яғни, бұл бағытта тәжірибесі мол. Қазір өндіріс орны экспорттан бөлек елімізде де бірқатар мекемемен келісімге отырған. Межені еңсеру үшін 750-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Айта кету керек, электровоз құрастыру үшін қолданылатын материалдардың басым бөлігі Қазақстанда шығарылады.
Елдар Қасенов, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС өндіріс басшысы:
Электровоздың барлық материалын шетелден де әкеледі, Қазақстанда локализация жасалған мекемелер бар. Біздің Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды қаласында, Атырау зауыттарында да серіктестеріміз бар. Олар біз үшін детальдар жасап, Астанаға жеткізіп, осында құрастырамыз.
Кәсіпорын
Астана іргесіндегі №1
индустриалдық аймақта орналасқан. Мұнда электровоз құрастыру зауытынан бөлек тағы
140-тан астам өндіріс ошағы бар. Бүгінде бұл аумақта құрылыс материалдары, ауыр
техникадан тартып, азық-түлік өнімдеріне дейін шығарылады. Бірақ соның ішіндегі
ең ірісі осы зауыт. Өйткені оның Орталық Азиядан баламасы жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы