Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
Елімізде биыл 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Қазір жоба Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектепте жүзеге асып жатыр. Оған 4-ші сыныпта оқитын 50-ден астам оқушы қатысады. Жоба аясында елорданың білікті мұғалімдері ауыл оқушыларына онлайн сабақ өткізеді. Ал жергілікті педагогтер балалардың жанында болып, оқу процесіне қолдау көрсетеді. Жасанды интеллект оқушылардың тапсырмаларын талдап, біліміндегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі. Жоба кезең-кезеңімен кеңейтілмек. 2027 жылдың қаңтарына дейін мектептер санын 50-ге, сәуір айында 440-қа жеткізу жоспарланған. Ал 2028 жылдың шілдесіне қарай еліміздегі 2 мың 600-ге жуық шағын жинақты мектепті қамту көзделіп отыр.
Қалдыбек Алмасбек, Шиелі аудандық №84 мектебінің информатика, цифрлық сауаттылық пәнінің мұғалімі:
Енді бірден-бір тиімділі қала оқушысы мен ауылдық жер деңгейдегі оқушылар арасындағы білім деңгейін теңестіруге негізделген. СКЛ: Жасанды интеллект те осы бағдарламаның ішінде, әр баланың осы сабақта игерген білімін, оның қорытындысын нақты дәлелмен көрсету және ай, тоқсан бойынша, жыл бойынша дәл дәрежесін көрсетіп бере алады.
Айнұр Бекбауова, Павлодар облысы Тілектес ауылы мектебінің директоры:
Біздің мектебімізде Астана қаласының мұғалімдерімен бірге біздің мұғалімлеріміз 4-сыныпқа математика, қазақ тілі, цифрлық сауаттылық сабықтарын беріп жатыр. Жаңа платформа арқылы. Сабақтың соңында осы палатформа арқылы талдау жасап, келесі сабаққа жасанды интеллект арқылы мұғалімдер тапсырмаларды дайындайды. Ол өте керемет деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы