Басты Жаңалықтар Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі

Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі

Қазақстанның ішкі саясатында конституциялық құндылықтар, жаңа қоғамдық этика және болашаққа ұмтылыс негізгі басымдықтар ретінде айқындалды. Бұл туралы Вице-Президент Telegram-арнасында жазды. Ерлан Қариннің  айтуынша, алғашқы бағыт - Конституцияда бекітілген құндылықтарды нығайту. Олардың қатарында Заң және Тәртіп қағидаты, жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім, білім мен ғылым, еңбекқорлық және жауапты патриотизм бар. Екіншісі - жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру. Бұл ретте «Таза Қазақстан» мен «Адал азамат» бастамаларын тиімді жүзеге асыруға, қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін күшейтуге мән беріледі. Соңғысы - болашаққа ұмтылыс. Мұнда ғылым мен білімді, инновация мен технологияны, мәдениет пен ағартушылықты қолға алу арқылы адам капиталын дамыту көзделеді.


Бөлісу