Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының қызмет көрсету саласына қатысты жаңа қағидаларын қабылдады. Бұл өзгеріс қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптарды жеңіл әрі түсінікті етуге бағытталған. Енді кәсіпкерлер өтінімдерін электронды түрде беріп, рұқсат құжаттарын алуды жеңілдете алады. Ал қазақстандық компанияларға шетел нарығына шығуға қосымша мүмкіндік ашылады. Яғни отандық қызмет көрсетушілер үшін жаңа нарықтарға жол кеңейеді. Заң жобасы бүгін Құрылтай отырысында мақұлданды.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Ережелерге қосылғаннан кейін ол инвестицияларға қолайлы жағдай жасайды. Үшіншісі, қызметке барып жатқан бизнес субектілеріне жаңа мүмкіндіктер береді. Өздеріңізге мәлім ІТ, құрылыс секторында өте жақсы көрсеткіштер. Экспортты алатын болсақ, оларға да жақсы, қолайлы жағдай береді.
Қазақстан 2015 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылды. Содан бері елдің сауда көлемі 76,5 миллиард доллардан 137 миллиард долларға жуықтады. Ал электронды сауда соңғы бес жылда сегіз есе артып, 3,8 триллион теңгеге жетті. Енді қызмет көрсету саласындағы жаңа қағидалар бұл бағыттың әрі қарай дамуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы