Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.
Еске салайық, 26 тамызда Непал мен Қытай шекарасы маңында нөсер салдарынан лай көшкіні жүрді. Табиғи апат құрбандарының саны 1400-ге жетіп, жоғалғандар саны 5100-ден асты. Ал із-түзсіз жоғалған 3 отандасымыздың іздестіріліп жатқанына 3 аптаға жуықтап қалды.
Қазақстандықтар Грузияда 1 жыл визасыз жүре алады
Сыртқы істер министрлігі өткізген брифингте визасыз елдер жайлы да мәлімет берілді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Таиланд пен Индонезияда қазақстандықтар 30 күннен, ал Грузияда 1 жыл визасыз жүре алады. Бірақ турист ретінде ғана бара алады. Яғни, жұмыс істеуге болмайды.
Жанболат Үсенов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Грузияға визасыз кіру және онда 365 күнге дейін болу режимі сақталады. Сонымен бірге визасыз режим елге кіруге және онда болуға құқық беретінін, алайда еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық бермейтінін ескеру қажет. Бұдан бөлек, тиісті рұқсатсыз ақылы еңбек қызметін жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Шетел азаматы елден шығарылған жағдайда оған Грузия аумағына қайта кіруге 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге тыйым салынуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы