Басты Жаңалықтар «Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді

«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді

Зейнетақы қорындағы артық ақшасын «Отбасы банкке» аударған салымшылар үшін жақсы жаңалық. Бұған дейін бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға 6 жыл ішінде пайдалану қажет болса, енді бұл талап өзгерді. Яғни, салымшылар ақшасын депозитте шексіз мерзімге сақтап, кейін үй алуға пайдалана алады.

Баспана жағдайын жақсарту үшін қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жеткілікті сомадан асатын қаражатын «Отбасы банктің» депозитіне аудара алады. Мұндай мүмкіндік алғаш рет 2021 жылдың желтоқсанында берілді. Яғни, сол жылдың желтоқсанында алғашқы болып ақша аударған азаматтардың оны пайдалану мерзімі 2027 жылы аяқталатын еді. Енді банк бұл мерзімге қатысты талаптың өзгергенін хабарлап отыр. Сондықтан салымшылар қаражатын асығыс пайдаланбай, оны «Отбасы банктегі» тұрғын үй депозитінде әрі қарай сақтауға мүмкіндігі бар. Зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға, ипотекалық қарызды өтеуге немесе қайта қаржыландыруға, сондай-ақ тұрғын үй салуға пайдалана алады. 

Назерке Ғалым, «Отбасы банк» АҚ ресми өкілі:

Қазіргі таңда нұсқаулық өзгеруіне байланысты Қазақстаннның халқын қуантқым келеді. 6 жылдан асса да, ол қаражат біздің «Отбасы банкте» депозитте жатқанына 6 жылдан астам уақыт өтсе де, қаражат қайтадан жинақтаушы қорына бармайды. Сіздің депозитіңізде сақтала береді. Сол үшін «Отбасы» банктен ресми түрде айтамыз: ешқандай алаңдауға негіз жоқ. Әрі қарай қаражаттарыңызды толықтырып, жинақтап бізден ипотека рәсімдеуге болады.  
Бөлісу