Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
Түркияда интернет арқылы түрлі қылмыс жасап жүрген
топтардың мыңнан аса мүшесі ұсталды. Ыстанбұл прокуратурасы елдің 48
провинциясында 1008 адамды тұтқындау туралы шешім шығарды. Олардың басым бөлігі
интернет арқылы адамдарды бопсалау, тапсырыспен кісі өлтіретін адам іздеу және
үркітіп-қорқыту сияқты қылмыс істегені үшін айыпталып отыр. Мұндай қылмыстық
топтар өздерінің заңсыз әрекеттерін әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы
үйлестіріп отырған. Елдің Ішкі істер министрі жыл басынан бері осы тектес
қылмысқа себеп болған қырық мыңнан аса интернет сайты бұғатталып, 73 мың
әлеуметтік желі парақшасына шектеу қойылғанын айтты. Бұдан бөлек заңсыз бәс
тігумен айналысқан 62 500 парақша жабылған.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06