Қостанай облысында дәрігерлік амбулатория ашылды
Қостанай облысының Перелески ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Медициналық мекеме жергілікті тұрғындармен қоса көршілес Қырым ауылының халқына да қызмет көрсетеді. Мұнда тұрғындар қан тапсырып, күндізгі стационарда ем қабылдай алады. Бұдан бөлек медициналық мекемеде алғашқы көмек көрсетіп, тиісті тексерулер жүргізуге жағдай жасалған. Нысан құрылысына 494 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Соның 455 миллион теңгесі қайтарылған активтер есебінен арнайы мемлекеттік қордан бөлінді.
Марат Сексембаев, Қостанай облысының прокуроры:
Бұл мемлекетке қайтарылған активтердің әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталуының нақты мысалы. Жаңа заманауи медициналық нысан Перелески және Крымское ауылдарының 2 мың тұрғынына тұрғылықты жері бойынша сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек алуға мүмкіндік береді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17