3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
Атырау облысында жыл басынан бері 484 алаяқтық дерегі
тіркелген. Оның ішінде фишингтік сайттар мен жалған хабарландыруларға қарсы
«Кибербақылау» жүйесі арқылы 3 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталды. Полиция мәліметінше,
алаяқтыққа қатысы бар 126 дерек ашылып, 38 адам ұсталған. Ал «Антифрод-орталық»
жүйесі арқылы тұрғындардың 21 миллион 200 мың теңгеден аса қаражатының заңсыз
аударылуына тосқауыл қойылды. Алаяқтар көбіне тұрмыстық техника сату, пәтерді
жалға беру, несие рәсімдеу және инвестиция арқылы табыс табу туралы жалған
хабарландыруды пайдаланады. Сондықтан полиция тұрғындарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге,
банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Жібек жолы, Алтын Орда, еуразиялық өмірсалты қазақтардың мәдени кодының маңызды бөлшегі саналады»
14.10.2026, 10:24