Басты Жаңалықтар Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда

Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда

Бүгін Алматыда интернетті басқару мәселелеріне арналған Qazaqstan Internet Governance Forum халықаралық форумы өтіп жатыр. Жиында цифрлық қауіпсіздік, жасанды интеллект, интернеттегі адам құқықтары және балаларды онлайн кеңістікте қорғау мәселелері талқыланады. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, IT мамандары, заңгерлер мен халықаралық сарапшылар қатысуда. Негізгі мақсат — интернетті қауіпсіз әрі қолжетімді етіп, азаматтардың құқықтарын қорғау. 

Әйгерім Ердәулет, Тілші:

Жиында интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану мәселелері талқыланып жатыр. Сонымен қатар балалардың онлайн қауіпсіздігі, оның ішінде 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеу жөніндегі ұсыныстар да назарда.

Киберқауіпсіздік мәселесі де өзекті. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Қазақстанда 14 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Алаяқтар телефон қоңырауларынан бөлек, жалған инвестициялық ұсыныстар мен әлеуметтік желілерді пайдаланады. Қазір олар жасанды интеллект арқылы адамның дауысын және бейнесін қолдан жасап, азаматтарды алдауға тырысады. Бүгінгі форумда осындай қауіптердің алдын алу және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау жолдары егжей-тегжейлі кешке дейін талқыланады.

Бөлісу