Хуситтер Адендегі президент сарайына зымыранмен соққы берді
Йемендік хуситтер елдің оңтүстігіндегі Аден қаласындағы президент сарайына зымыранмен соққы берді. Йемен ақпарат министрлігінің дерегінше, бес ракета әл-Маашиқ резиденциясына тигенде көп адам жараланды. Екі қауіпсіздік қызметкері мерт болған.
Айта кетсек, порттық шаһар Аденде Йеменнің халықаралық қауымдастық мойындаған үкіметі орналасқан. Ираншыл шиит-хуситтер қазір Сауд Арабиясына арқа сүйеген дәл осы үкімет әскерімен соғысып жатыр.
Бұған дейін Мекке маңында зымыран құлатылғаны туралы мәлімет түсті. Алайда, хуситтер бейсенбі күні Саудияға шабуыл жасамағандарын хабарлап отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17