Басты Жаңалықтар Рухани келісім күніне орай жиын өтті

Рухани келісім күніне орай жиын өтті

Бүгін Елордада «Діндер диалогы: рухани келісімнен ортақ әрекеттерге» атты халықаралық конференция өтті. Жиын Рухани келісім күніне орай арнайы ұйымдастырылған. Есте болса, 7 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығы өткен еді. Сол кезде екі маңызды стратегиялық құжат қабылданды. Біріншісі – климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діннің рөлі, екіншісі – діни салада жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі. Сондай-ақ Қазақстан мен Ватиканның бірлескен бастамасы – жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары туралы хартия мақұлданды. Ендігі басты міндет – осы құжаттарды іс жүзінде жүзеге асыру. Ол үшін діни бірлестіктердің, білім беру ұйымдары мен сарапшылардың өзара ынтымақтастығын күшейту көзделіп отыр.

Томаш Пэта, Астанадағы рим-католик шіркеуінің архиепископы:

1992 жылы Алматыда өткен алғашқы діни келісім конгресінде Рухани келісім күні атаулы дата болып жарияланды. Не себепті бұл күн маңызды? Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бастап ұлттар мен түрлі дін өкілдерінің бейбітшілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп келеді. Біз 30 жылдан астам уақыт бойы дәл осы күні арнайы жиынға жиналамыз. Ортақ мәселелерді талқылаймыз, шешімін ұсынамыз. Ойымызды әрдайым уақытылы әрі ашық айтқандықтан бейбітшілігіміз жыл өткен сайын нығайып келеді. Сондай-ақ мұндай татулық барша әлемге үлгі.

Бөлісу