Ислам өркениеті және ғылым мәселелері талқыланды
«Қазақстандағы ислам өркениетінің дәстүрі: өткені, бүгіні». Алматыда отандық және шетелдік ғалымдар мен университет оқытушыларының қатысуымен халықаралық конференция өтті.
Шара «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Басқосуда оқу орнының ширек ғасырлық даму кезеңдері қорытындыланып, білім беру мен ғылыми-зерттеу саласындағы жетістіктері таныстырылды. Сондай-ақ жиын Қазақстандағы ислам өркениетінің тарихи мұрасын, мәдени сабақтастығын және қазіргі қоғамдағы орнын ғылыми тұрғыдан талқылауға арналды. Конференцияда университеттің жетістіктері сараланып, білім беру сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту және халықаралық байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Университетіміз бізге не берді десек, діни сауаттылықты берді. Қазіргі таңда діни сауаттылық аса маңызды. Сауатсыз адам түрлі ағымдарға кетіп қалуы мүмкін. Біздің қоғамда діни сауаттылықтың көтерілуіне, діни сауатты болуына, діннің дұрыс бағытында ақпарат алуына үлкен мүмкіндік жасаған білім ордасы деп айтуымызға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы