Басты Жаңалықтар Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады

Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады

Республика күніне орай «Астана Тазалық» кәсіпорны адал еңбегі және елорда тазалығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға марапаттар мен алғыс хаттар табысталы. Елордада қысқы маусымда 13 миллион шаршы метрден астам аумақты тазалауға 354 арнайы техника дайын. «Астана Тазалық» кәсіпорны қар тазалау жұмыстарына әзірлігін тексеріп, техникаларын қысқа бейімдеді. Қажет болған жағдайда қосымша 530 техникаға дейін тартуға мүмкіндік бар. Ал көктайғаққа қарсы 7 мың тоннадан астам техникалық тұз бен 413 тонна реагент әзірленген. Қыс маусымында жұмысты тиімді ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлінбек. Ал бүгін қала тазалығына ат салысып жүргендерге құрмет көрсетілді.

Альберт Есалиев, «Астана тазалық» ЖШС бас директоры:

700-ден астам жол жұмысшылары дайын. 800-ден астам өзіміздің жүргізушілер мен механизаторлар бар. Жалпы, 1500-дай адам жұмыс істейді екі ауысымда тазалық мекемесінде. Қысқа техникалардың бәрі дайын. Жөндеу жұмыстары бар. Сонымен қатар жаңадан қосылып жатқан техникалар бар.

Бөлісу