Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған футбол турнирі өтті
Өскеменде мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған республикалық футбол турнирі өтті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 16 әуесқой команда қатысты. Турнирдің мақсаты – Бердібек Сапарбаевтың өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету және бұқаралық спортты дамыту. Үш күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Жетісу облысының Алакөл ауданынан келген «Барыс» командасы жеңімпаз атанып, 1 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ үздік ойыншылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Бақдәулет Әсетұлы, жарысқа қатысушы:
Бүгінгі жарыста үлкен деңгей болды. Өте мықты командалар болды. Бірақ соның ішінен топ жарып, бірінші орын алдық. Үлкен рақмет. Осылай ұйымдастырып, еске алу турнирін үлкен деңгейде өткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы