Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
Із-түзсіз жоғалған 17 мыңнан астам азаматтың
қайда жүргені анықталды. Қазір елімізде тұрғын аудандардағы құқық
бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз
үй» профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Рейд барысында тәртіп сақшылары
249 мыңға жуық тұрғын үй нысанын, 13 мыңға жуық жалдамалы пәтерді, жатақхана
мен хостелдерді тексерген. Нәтижесінде тіркеусіз тұрып жатқан 9 мыңға жуық адам
анықталды. Олардың 7 мыңнан астамы шетел азаматы. Ал баратын жері жоқ 2 мың
адам полиция органдарына жеткізілген. Сонымен қатар іздеуде жүрген мыңнан аса
азамат ұсталып, 1 511 құқық бұзушылық анықталды. «Қауіпсіз үй» іс-шарасы 5
қарашаға дейін жалғасады.
Автор
Мерей Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17