Басты Жаңалықтар Әскердегі жаңа тәртіп: Реформа басталды

Әскердегі жаңа тәртіп: Реформа басталды

Енді мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді. Қарулы күштерде ауқымды реформа басталды. Оған қоса сарбаздардың құқығын қорғайтын арнайы уәкіл институт құрылады. Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған жобаны Президент қолдады. Жаңа тәртіпке сәйкес әскерге шақырылған азамат алғашқы алты айын арнайы оқу орталығында өткізеді. Сол жерде теориялық білім алады. Кейін бөлімге жіберіледі. Жаңа жүйе жауынгерлерді кезең-кезеңімен дайындауды көздейді. Реформа тек тәртіппен шектелмейді. Қарулы күштердің құрылымы да жаңартылып, Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру жоспарланған. Президенттің тапсырмасы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық армия қалыптастыру. Әскери сарапшы мұндай бағыт қазіргі соғыс тәсілдеріне бейімделуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Амангелді Құрметұлы, әскери сарапшы:

Президенттің тапсырмасында Қорғаныс саласын жетілдіру, тексеру, тұтас реформа мәселесін жүйелеуге болатын бірнеше күннен бері осы Президент тапсырмасына сәйкес жасалған тапсырманың алғашқы жоспарымен танысып жатырмыз. Біздің Ата Заңымызда адамдардың өмірі мен денсаулығы ең үлкен құндылық ретінде көрсетіліп тұр. Сондықтан біз әскерге баламызды аманаттап жіберген кезде оның қауіпсіздігіне, аман-есен оралатынына, білікті болып оралатынына 100 пайыз сенімді болуға тиіспіз.

Бөлісу