Басты Жаңалықтар Электр станциялары жаңғыртылады

Электр станциялары жаңғыртылады

Қазақстан энергетикасын жаңғыртуға Қытайдың озық технологиялары тартылмақ. Көрші елдің компаниялары біздің мемлекетте жүзеге асатын 100-ге жуық жаңғырту жобасына қатысуды жоспарлап отыр. Басты мақсат – электр станцияларының тиімділігін арттырып, отын шығынын азайту. Осы мәселе Астанада өткен Қазақстан-Қытай форумында талқыланды. Қытай тарапы энергетикалық жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге арналған сервистік орталықты таныстырды. Жоба  турбиналар, қазандықтар мен генераторларды жөндеп, ескірген жабдықтарды жаңғыртуға бағытталған. Бұл электр станцияларын толық қайта салмай-ақ, олардың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, дейді мамандар.

Ғалымбек Әутәліпов, «Самұрық – Энерго» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры:

Жылу электр станцияларға көмірдің, мазуттың газын қалай әр киловатт сағатына азайту. Сол себепті Қытай жақтан келген әріптестерімізден солардың тәжірибесімен танысып, қай шаруаларды бізге ұйымдастыруға болады деп қарастырамыз. 

Ян Чжэнвэй, «China service technology» компаниясының бас директоры:

Біз Қазақстанда энергетика саласында модернизация жүргізілетін 100-ге жуық жобаға қатысуды жоспарлап отырмыз. Өндірісіміз Қытайдағы ірі компанияларды біріктіреді. Біздегі басты ерекшелік – техниканың сапасы. Әріптестерімізбен осы бағытта  ынтымақты арттыруға, тәжірибе бөлісуге дайынбыз.

Бөлісу