Шетелдік журналистер Шымкентті аралады
Республика күніне орай бір топ шетелдік журналист Шымкент қаласының көрікті жерлерін аралап, өңірдің өнеркәсібімен танысты. Қала әкімдігі жанындағы «Визит Шымкент» туристік орталығы ұйымдастырған халықаралық баспасөз турына әлемнің оншақты елінен 40-қа тарта тілші мен блогер қатысты. Тілшілер қауымы Шымкент қаласының әуе қақпасы жаңа халықаралық әуежаймен танысып, қалаға көрік беріп тұрған ғимаратын аралады. Одан кейін Шымқала тарихи кешеніне барып, қаланың көне тарихымен танысты. Қарашаш ана, Ибраһим ата сияқты тарихи тұлғалардың кесенелерін де зиярат етті. Қаланың ажарын ашып тұрған көрікті жерлерін аралады. Бұдан бөлек үш күндік тур барысында қонақтар футбол матчы мен батпырауықтар фестиваліне де қатысты.
Заманбек Орынбеков, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы:
Бұл пресс турдың мақсаты – Шымкент қаласының туристік әлеуетін көрсету, Шымкент қаласына туристерді көптеп тарту, БАҚ-та Шымкенттің туристік орындарын барынша насихаттау. Жыл сайын өткізілетін шара. Көктем айында тур блогерлерді жинайтын болсақ, күз мезгілінде ақпарат өкілдерін жинап осындай прресс тур өткіземіз.
Рахман Гулиев, әзербайжандық журналист:
Түркі елдерінен келген журналистердің бірін-бірі жақсы тануы, ақпарат алмасуы үшін өте маңызды шара. Бұдан бөлек туризмнің дамуы, өзара қарым-қатынастың артуына септігін тигізетін басқосу. Бауырлас Қазақстанға келгенімізде әрдайым өз елімізге келгендей боламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы