Пара ат спортынан ел біріншілігі басталды
Астанада пара ат спортынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 5 өңірінен 20-ға жуық спортшы жиналды. Сайыс ережесіне сай, тірек-қимыл жүйесі зақымданған шабандоздар 4 түрлі дисциплинада сынға түсіп, ат үстінде шеберлігін көрсетуге тиіс. Айта кетейік, ел біріншілігі бүгін қортындыланады. Тапсырманы мүдірмей орындап, жеңімпаз атанған спортшылар Ұлттық құрамаға қабылданады.
Елена Шишаева, Пара ат спортынан Ұлттық құрама мүшесі:
Спорттың бұл түрімен 2018 жылдан бері айналысамын. Осы уақыттың ішінде «Спорт шебері» атағын да алып үлгердім. Ұлттық құрамамен талай халықаралық жарыста да жеңімпаз атандық. Бұған дейін ел чемпионаты біздің Шығыс Қазақстан облысында өткізілетін. Астанаға алғаш рет келіп отырмыз.
Автор
Рүстем Айткерім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25