Транзиттік әлеует трансформацияланады
Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру – стратегиялық міндет. Мемлекет басшысы Жолдауында осы салаға ерекше назар аударып, жол инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды. Қазір бұл бағытта бірқатар ауқымды жоба қолға алынып, жаңа теміржол желілері салынып жатыр. Мысалы, келер жылы «Бақты – Аягөз» бағытындағы теміржол іске қосылады. Нәтижесінде, Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады. Ал «Арал – Каспий» күре жолы жүк тасымалдау қашықтығын шамамен мың шақырымға қысқартады. Тұрғындар бұл бастамалар еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтіп, экономиканың дамуына тың серпін береді деп санайды.
Автор
Рүстем Айткерім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25