Басты Жаңалықтар Елімізде алғаш рет Құзыреттілік орталығы ашылды

Елімізде алғаш рет Құзыреттілік орталығы ашылды

Бүгін Таразда еліміз бойынша алғаш рет Құзыреттілік орталығы ашылды. Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша жұмысын бастаған мекеме облыстық көпбейінді аурухана ішінде орналасқан.

Ең қажетті 8 маманнан тұратын топ созылмалы және сирек кездесетін, яғни орфандық ауруларға шалдыққандарды қабылдайды. Күніне 150 науқасқа ем-шара жасалады. Мұнда кардиолог, невропатолог, эндокринолог және гастроэнтеролог секілді тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Қан тамырлары хирургиясы, диабетикалық табан кабинеттері мен аритмология бөлімі де бар. Кешенде ішек жолдары мен жүйке жүйесі ауыратындар да емделе алады. Жалпы, жобаға қаралған 200 млн теңге құрылыс жұмысы мен жаңа жабдықтарға жұмсалған.

Марат Жаманқұлов, облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:

Телемедициналық қызмет бар бұл жерде. Яғни бұл орталықтан байланысқа шыға алады, шалғай жатқан ауылдарға. Пациенттерге кеңес бере алады. Яғни пациент бір жерге келеді. Бір маманға көрінеді. Бір жерден керекті зерттеулерді өтеді. Бір жерден диагноз алып шығады.

Медицина сапасын жақсарту үшін ашылған орталықта қант диабетімен ауыратындарға ерекше көңіл бөлінген. Өйткені бұл ауру түрін асқындырып алмау керек. Сондықтан мамандар табан диабеті барлардың аяғын ампутациялауға жол бермеу үшін күш салады. 

Арайлым Демекова, гематология бөлімінің меңгерушісі:

Қандай да бір өзгеріс болатын болса, мелограмма деп аталады. Сол анализді біз осы орталықта жасап, нәтижесін анықтап, ертеңінде науқасқа диагноз қоя аламыз. Цифрлық зертханалық микроскоп алдық. Бұрын лаборант дәрігерлер микроскоп арқылы көретін болса, қазіргі таңда бұл микроскоп экран арқылы да көрсетеді. Соған байланысты дәрігерлерге осындай артықшылық бар.

Бөлісу