Үлкен ауылында атомшылар қалашығы салынбақ
Алматы облысының Үлкен ауылында 33 мың адамға арналған атомшылар қалашығы салынады. Бұл туралы Түркиядағы «Аккую» АЭС-інде жұмыс істейтін қазақстандық мамандармен кездескен Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты. Жаңадан бой көтеретін кент ауыл құрамына кірмек. Онда тұрғындарға қажетті барлық инфрақұрылым, сондай-ақ атом саласына мамандар даярлайтын орталықтар болатынын атап өтті. Ал атом электр станциясының құрылысы аяқталғаннан кейін кәсіпкерлікті дамытуға пайдалану жоспарланып отыр. Агенттік басшысының сөзінше, Үлкен ауылының дамуы жастарға жұмысқа орналасу мен кәсіби мансабын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сондай-ақ мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25