Енді Алматы әуежай жылына 9 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді
Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған терминалы жаңартылды. Тіркеу және тексеру аймақтары кеңейтіліп, жолаушыларға арналған күту залдары қайта жабдықталды. Одан бөлек, багажды сұрыптау жүйесі жетілдіріліп, үш жаңа телескопиялық трап іске қосылды. Бұл өзгерістер ішкі рейстер терминалының жылдық өткізу мүмкіндігін 3 млн 200 мыңнан 9 миллион жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары 13 айға созылып, жобаға 32 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. Мамандардың айтуынша, атқарылған жұмыстар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, әуежай инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтады. Сонымен қатар Алматының Орталық Азиядағы ірі авиациялық торап ретіндегі әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25