Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Бүгін бірқатар өңірде тұман, көктайғақ, және қатты жел болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, жолдар көктайғақ болуы ықтимал. Сол сияқты Астанада да түнде көктайғақ, тұман күтіледі. Маңғыстау және Ұлытау облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге, Жамбыл облысында 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды және басқа да бірқатар өңірде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болып, ауа райының қолайсыздығын назарға алуды ескертеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25