Мемлекеттік қызметтердің 90% электронды форматқа өткен
Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электронды форматқа өткен. Азаматтар қажетті құжаттарды eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы ала алады. Сондай-ақ кейінгі жылдары кәсіпкерлерге арналған цифрлық сервистер де жүйелі түрде дамып келеді. Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясының дерегінше биылғы 10 айда eGov Business қосымшасы арқылы тұрғындарға 1 миллион 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қазір оны ай сайын 46 мыңнан астам адам пайдаланады. Ал күнделікті белсенді қолданушылар саны 5 мыңнан асады. Айта кетейік, тамыз айында eGov 3.0 платформасы іске қосылған еді. Алдағы уақытта оған мемлекеттік қызметтің тағы 176 түрін енгізу және жасанды интеллект элементтерін қосу жоспарланып отыр.
Автор
Рүстем Айткерім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25