Екі айдан ұзақ емделуді қажет ететін аурулардың тізімі жаңартылды
Екі айдан ұзақ емделуді қажет ететін аурулардың тізімі жаңартылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 6 қарашадағы бұйрығына сәйкес, жаңа тізімге 434 ауру түрі енгізілген. Олардың қатарында туберкулез, менингит, гепатиттің ауыр түрлері және онкологиялық аурулар бар. Сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі аурулары, күйік, үсік пен ауыр жарақаттар қамтылған. Бұл аурулар кезінде қызметкердің еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан асуы мүмкін. Сондықтан оның ұзақ уақыт емделуіне байланысты жұмыс беруші келісім шартын тоқтата алмайды. Министрлік бұйрығы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25