Қазақстан Орталық Азиядағы мұнайдың 88 пайызын өндіреді
Қазақстан Орталық Азиядағы энергетикалық көшбасшы орнын сақтап отыр. Италиялық Eni компаниясының World Energy Review 2026 шолуына сәйкес, аймақта өндірілетін мұнайдың 88 пайызы Қазақстанның үлесінде. 2025 жылы еліміз тәулігіне 2 миллион 98 мың баррель мұнай өндірген. Сондай-ақ Қазақстан мұнай экспорттау мен көмір өндіруден де өңірде 1-орында. Жаңартылатын энергия саласында да көш бастап, жел электр станцияларының жалпы қуатын 1909 мегаватқа жеткізген. Былтыр жел станциялары 5 мың 401 гигаватт-сағат электр энергиясын өндірді. Бұл деректер Қазақстанның дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жасыл энергетиканы да дамытуда өңірдегі жетекші ел екенін көрсетеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25