Грекияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Грекияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды. Салоники қаласында өткен халықаралық көрмеге ұлттық павильон қойылып, елдің көрікті жерлері, туристік бағыттары көпшілікке ұсынылды. Шараны еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі Қазақстанның Салоникидегі құрметті консулымен бірігіп ұйымдастырған. Елші Тимур Сұлтанғожин жиналғандарға Президент Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауында туризмді және көлік инфрақұрылымын дамытуға басымдық берілгенін атап өтті. Бұдан бөлек Қазақстанға саяхаттаудың қыр-сырын баяндады. Былтыр елімізге 15 млн-нан астам шетелдік турист келген. Апорт пен қызғалдақтың отанын, жылқы малын алғаш қолға үйретілген мекенді көруге гректер те құлшынып отыр.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25