Ипотеканың бастапқы жарнасы 10%-ға дейін азаюы мүмкін
Елімізде ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Отбасы» банкімен бірлесіп жобаны қарастырып жатыр. Үкіметте өткен брифингте министрлік өкілі жаңа ипотекалық тетіктердің қаржылық моделі әзірленіп жатқанын айтты. Ұсыныстарды 2027 жылы таныстыру жоспарланған. Алайда әзірге ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі, қарыз алушыларға қойылатын талаптар және өтінім қабылдау мерзімі белгісіз. Айта кетейік, бұған дейін «Ұмай» ипотекасына бір күнде 850 өтінім түсіп, банк лимиттің таусылуына байланысты өтінім қабылдауды тоқтатқан еді. Жаңа бағдарламаның іске қосылуы қосымша қаржыландыруға байланысты болмақ.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25