ЮНЕСКО: Қазақстан 13-орында
Қазақстан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген нысандар саны бойынша 13-орынға жайғасты. Бұл Азия елдері арасындағы көрсеткіш. Бүгінде еліміздің жеті тарихи және табиғи нысаны халықаралық деңгейде мойындалған. Оның төртеуі мәдени, үшеуі табиғи мұра санатына жатады. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтері, Ұлы Жібек жолының тарихи нысандары, Сарыарқа мен Батыс Тянь-Шань бар. Тізімге ең соңғы болып Маңғыстаудың жерасты мешіттері мен киелі орындары енгізілді. Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан үпі секілді тарихи орындар да ЮНЕСКО тізіміне енген. Бұл қазақ жерінің рухани және тарихи мұрасына берілген халықаралық баға.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25