Астанада 80 қауіпті жаяу жүргіншілер өткелі анықталды
Астанада 80 қауіпті жаяу жүргіншілер өткелі бар. Мұны прокуратура қызметкерлері тексеріс кезінде анықтады. Бұған жол бойындағы ағаштар, қоршаулар мен ретсіз қойылған көліктер кедергі келтіреді. Биыл он айда елордада жол-көлік оқиғасынан 2 мыңнан аса адам зардап шеккен, 23 адам қаза тапқан. Прокуратура анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде шара қабылдауды талап етті. Қазірдің өзінде 14 учаскедегі кемшілік түзетіліп, тоғыз мектеп маңында жылдамдық сағатына 20 шақырымға дейін шектелді. Енді басқа да білім беру ұйымдарының жанында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Прокуратура жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға, ал жаяу жүргіншілерді жолдан өтерде көлік толық тоқтағанына көз жеткізуге шақырды.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25