16-ға толмағандар әлеуметтік желіге тіркеле алмайды
Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларға тіркелуіне тыйым салынбақ. Бұл туралы Құрылтай отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев айтты. Платформа қолданушылардың жасын тексеруге міндеттеледі. Сондай-ақ 5 мыңнан астам жазылушысы бар парақшалардың иелері міндетті тіркеуден өтуі тиіс. Бұдан былай әлеуметтік желілердің Қазақстанда ресми өкілдігі болуы шарт. Сонымен қатар олар заңға қайшы ақпаратты жою туралы талаптарды орындауға міндетті. Бұл өзгерістер Құрылтайда талқыланып жатыр. Мақсат – балаларды зиянды ақпараттан, қауіпті контенттен және интернеттегі әлімжеттіктен қорғау.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25