Зайсан әуежайын сертификаттай бастады
Шығыстағы қос бірдей әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ал, Зайсандағы авиациялық нысанда сертификаттау рәсімі басталды. Әуежайдың негізгі жұмыстары аяқталған. Ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы және ұшақтардың қозғалысына арналған жолдар пайдалануға толықтай дайын. Енді мердігерлер әуе айлағындағы ғимаратты әрлеп, маңайын абаттандыруға кірісті. Жауапты мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Жаңа нысан ашылса жергілікті халықтың орталыққа қатынауы жеңілдейді. Тіпті Қытайдың Үрімші, Алтай бағыттарына да тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін. Сонымен қатар әуежай толық іске қосылғанда 126 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Автор
Бекарыс Секен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25