Заң үстемдігі – тұрақтылық негізі
Қазақстан – құқықтық мемлекет. Елімізде заң мен тәртіптің үстемдік етуі – қоғамның дамуы мен халықтың қауіпсіз өмір сүруінің басты кепілі. Тәртіпті қоғам қалыптастыру тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, бүкіл халыққа ортақ жауапкершілік. Заң талаптары сақталмаған жағдайда қоғамда әділетсіздік пен жемқорлық белең алып, халықтың мемлекеттік жүйеге деген сенімі әлсіреуі мүмкін, дейді тұрғыдар.
- Заңға осы біз сияқты қарапайым адамнан бастап, ең жоғарғы отырған, мінберлерде отырған жоғары топта отырған барлық адамдар сол заң аясында қызмет етуі керек деп өзім ойлаймын. Егер де заң болмаса, заңды аяққа басып жүретін болсақ, заң мен тәртіп үстемдік етуден кететін болса, онда елде бей-берекетсіздік болады.
- Заң мен тәртіп ол – ажырамас механизм. Яғни, мемлееттің дамуында маңызды рөл атқарады. Тек қана заң мен тәртіп сақталған жерде әділдік болады. Әділетсіздік көп болса, жемқорлық көп болса, адамдаржың заңға деген көзқарастары да өзгеруі мүмкін және адамдар заңға деген сенімсіздік танытуы мүмкін.
- Заң жұмыс жасап жатыр, өйткені көптеген теледидарда да көріп тұрмыз, неше түрлі жемқорлықтарды, ұсталынып, жазаға тартылып жатыр. Яғни бұны халық көре тұрып, бұл жерде заңның күшінде жұмыс жасап жатқанын нақты көрсетіп тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы