7 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі ₸9,8 трлн-ға жетті
Елде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып келеді. Биыл қаңтар-қазан айларында саладағы жалпы өнім 5,2 пайызға өсіп, 9 триллион теңгеге жуықтады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 6,4 пайыз, мал шаруашылығы 3,2 пайызға өскен. Соңғы 7 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 9,8 триллион теңгеге жетті. Ал азық-түлік өндірісі 4 триллион теңгені құраса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7 миллиард доллар болды. Салаға салынған инвестиция да айтарлықтай өскен. Биылдың өзінде 630 миллиард теңгеге 73 жоба іске қосылды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 15 кәсіпорын, 7 құс фабрикасы, 13 сүт фермасы және 14 суару жобасы бар.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25