Италияның Милан қаласында қазақ киносының күндері өтті
Италияның Милан қаласында қазақ киносының күндері өтті. Шараны еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі ұйымдастырған. Бағдарлама аясында көпшілікке «Томирис» тарихи драмасы, Әміре Қашаубаевтың шығармашылығына арналған «Әміре» фильмі ұсынылды. Сондай-ақ Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» туындысы көрсетілді. Осы фильмде басты рөлді сомдаған актерлар Алтынай Нөгербек пен Әділ Ахметов шараға арнайы қатысып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Шетелдіктер актерлардың кәсіби шеберлігіне, туындыларға жоғары баға берді. Отандық дипломаттар мұндай бастамалар италиялықтарға Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен етене танысып, екі ел арасындағы достықты нығайтуға септігін тигізеді деген сенімде.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25